Меню KDT

Тәуелсіздік мерекесі

15 желтоқсан күні Мектебімізде "Тәуелсіздік-ел тірегі" тақырыбында  мерекелік іс шара өтті. Іс шара барысында оқушыларға "ЭКСПО-2017", "Астана-елімнің жүрегі" атты бейне фильмдер ұсынылды. Оқушылар Астана, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, ән айтып би биледі.


Мерекелік іс шара барысында оқушылар назарына Қазақстан туралы кітаптар көрмесі ұсынылды. Оған Елбасы, Қазақстан туралы кітаптар қойылды. Оқушылар өздерінің өлең жолдарында елбасы, Отан туралы  айтты. Тәуелсіздік мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерубаева Толеубике Макановна білім бөлімінің грамотасымен марапатталды,  мектеп оқушылар, мектеп ұжымы мектеп директорының мадақтамасымен мараппатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 480
Автор: b014skobilim
Сайт: www.b014.sko-bilim.kz
Добавлено: 06.01.2018 в 00:00