Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жыл - әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Осындай қайталанбас таңғажайып мереке Балуан негізгі мектебінде тойланды. Мерекені жүргізушілер Жамбыл Шұғайұлы мен Айжан Естайқызы бастап жіберді. Мектеп басшысы Торғын Бағытқызы жиналған қуымды мерекемен құттықтады. Жаңа жылдық мереке ертегілер желісі бойынша өз жалғасын тауып жатты. Мыстан кемпір кейіпкерін Шакеева Динара тамаша сомдап шықты. Қасқыр мен қоян, тасбақа мен арыстан, аю мен маша, алдар, бай мен кемпірі рөлдерін оқушылар сомдай алып, ертегілер еліне саяхат жасағандай болды. Аяз атаға дайындаған өнерлерін ортаға салды. Наушина Асылтас, Ермағамбет Даяна, Болат Назерке, Қожғали Алтынбек тамаша жаңа жылдық әндерді орындады. Мереке соңында мектеп басшысы оқушыларға дайындалған сыйлықтарын тарту етті. Жаңа жылдық суреттер байқауы ұйымдастырылып бірінші орынға 8 сынып, екінші орынды 7 сынып иеленсе, үшінші орынды 4 сынып оқушылары алды. Мектеп ұстаздары Жамбыл Шұғайұлы мен Айжан Естайқызы ән салып көңілді бір көтеріп жіберді.