Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс мерекелік іс-шаралар
№21 орта мектебінің қабырғасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс мерекелік іс-шаралар өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың бойында азаматтық пен патриоттықтың негізін қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Қазақстан халқының салт-дәстүріне сыйластықпен қарау болып табылады.
Бірінші ауысымда мерекелік іс-шараны өткізгендер:
1 «А» сынып, сынып жетекшісі Салкимбаева А.М.,
2 «Б»сынып, сынып жетекшісі Канапина З.Ш.
Екінші ауысымда өткен іс-шараның жауапты мұғалімдері:
2 «Д» сынып, сынып жетекшісі Жусанбаева Ж.А.,
3 «Г» сынып, сынып жетекшісі Бекмаганбетова Г.А.
Мерекелік іс-шараның барысында оқушылардың орындаған өлеңдері, әндері, ойындары, билері эмоционалдық ортаға әсер етті, оқушылардың бойына сыйластық, сезімталдық, бірін-бірі қолдау қасиеттерін енгізіп, өз үлесін қосты. Сценарийде оқушыларда оң эмоциялар тудыратын күтпеген сәттер көп болды.
Мерекелік іс-шараны өткізу барысында «Қазақстан Республикасының әнұраны», «Менің елім-Қазақстан» атты презентациялық слайдтар, ұлттық әндер мен билердің жазулары да пайдаланылды.
Балалар өздерін үлкен еліміздегі халықтың бір бөлшегі екенін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы екенін сезінді.