«Қазақстандықтар — Болашағы Біртұтас Ел» кездесуін өткізу туралы
«Қазақстандықтар — Болашағы Біртұтас Ел» кездесуін өткізу туралы
08.12.2017
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылғы желтоқсанның 8-і күні С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында (Қазақстан Конституциясы к-сі, 25) облыс әкімінің орынбасары М. Қожахметтің қатысуымен үш және одан да көп тілдерді еркін меңгерген жастармен «Қазақстандықтар — Болашағы Біртұтас Ел» кездесуін өткізді.
Аталған шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үш тілді — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген әр түрлі салада жұмыс істейтін жас мамандарға қолдау көрсету, үштілділікті насихаттау.
Кездесуге Петропавл қаласы мен аудандардан жастар, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, БАҚ өкілдері, қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері қатысты.
Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет ашты және жүргізді.
Венинг Марина — Шал ақын ауданы Еңбек негізгі мектебі «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі осы кездесуде болып қайтты.
Сондай-ақ, Франциядан Петрова Наталья бейнеролик арқылы кездесу қатысушыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.