"Тәуелсіздік - тұғырым"
15 желтоқсан күні мектепте Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтілді, бұл - еліміздің жаңа тархындағы ерекше күн. Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа бастады. Тәуелсіздікпен бірге өз еліміздің тілін, дінін қайтарып алдық. Осының айғағы біз тәрбие мен білім беріп отырған - мектеп. Міне дәл осы күні де мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы үлкен мерекелік іс-шара өткізді. Алғашқы сөзді мектеп директоры Т.Б.Абдрахманова алып жиылған қауымды мерекемен құттықтады. Жүргізушілер іс-шараны жалғастырып, Қайрат турылы көрініс қойылды, 4 сынып оқушылары Ермекпай Айғаным мен Өмірзақ Жібек "Желтоқсан желі" әнін айтты. Тәуелсіздік туралы жырлар оқылды. Асылтас пен Мадина "Мерекем" әнін айтса, 8 сынып оқушылары "Алға, Қазақстан" әнін шырқап, мереке ажарын аша түсті.