"Ел қорғауға әзірміз"
Мектепте ұл балалар арасында конкурс өткізілді. Оқушылыр бұл конкурста өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші бөлім "Таныстыру" ұлдар өздерін таныстырса, екінші бөлім "Тілге құрмет - елге құрмет" оқушылардың қазақ тілге деген құрметін бағалау мақсатында балалардың жас ерекшелігіне сай сұрақтар қойылды. Үшінші бөлім "Күш атасын танымас" жаттықтырушылар белгіленген уақытпен ұландардың күшін, ептілігін, қырағылығын сарапқа салатын кезең болды. Ал төртінші бөлім "Азаматтық айнасы" сұрақ - жауап түрінде білімділігін байқау Билетке жазылған сұрақтарды алып, оқып дереу жауап беруі тиіс. Бесінші бөлім "Өнерпаз болсаң, арқалаң белгілі болып тұрғандай, ұландар сайыстың бұл түрінде берілген әнді жануарлардың дауысына салып орындау болды. 8 сынып оқушысы Шұғай Ерасыл "Кәусар жігіт" номинациясы бойынша марапатталса, 8 сынып оқушысы Ермекпай Ринат "Қайсар жігіт" номинациясын және Абдрахманов Бейімбет "Дүлдүл жігіт" номинациясын, Сагитов Алмас "Епті жігіт" номинациясына ие болды. Мектептің өнерпаз қыздары Наушина Асылтас пен Қожғали Мадина "Қазақ жігіттері" деп ән шырқап өз өнерін көрсетті.