Меню KDT

"Мектеп барысы-2017" құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық ойындар-асыл мұрамыз» атты турнирінде Астана қаласы  мектептері арасындағы Ұлттық ойындар жарысында біздің де  мектебіміздің жас спортшылары олжалы болды.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық ойындар-асыл мұрамыз» атты турнирінде Астана қаласы  мектептері арасындағы Ұлттық ойындар жарысында біздің де  мектебіміздің жас спортшылары олжалы болды.   Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Қазақша күрес»  ойынынан 8 А сынып оқушысы Сәбитұлы Нұртілесенім  І орынды иеленіп,  «Мектеп барысы-2017 »  атанды. Жаттықтырушысы Марлен Серікболұлы 3 жыл қатарынан дайындаған оқушылары мектеп барысы   атанып келеді.  Биылда намысты қолдан бермей  топ жарды.  Нұртілесенімге «Қазақстан барысы» атануды тілейміз.  Ал, жаттықтырушы Марлен Серікболұлы шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!
Алға, №64 мектеп-лицей!
  


Комментариев нет
Просмотров: 464
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 15.12.2017 в 00:00