Мұражайға саяхат
Туған жер алдындағы,оны жайлаған ел алдындағы парызды қастерлеу сезіміғы ғылыми жаңалықтардан ғана емес,көне-көз мұраны көріп,көңілге тоқу арқылы да тәрбиелі тұлға қалыпкөзі.Өйткені,мұражай халықтың тарихын,мәдениетін.өнерін зерделеп сақтай білген ғылыми орда.
Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен,тарихи орындарымен танысудан басталады.Бүгінгі өскелең ұрпаққа ұлттық таным мен рухани тәрбие беруде,танымдық,тұлғалық қабілеттерін дамытуда мәдени мұрамыз бен көне жәдігерлеріміздің үлесі зор.Рухани жаңғыру аясында биз мектеп оқушыларымен 5-6 сынып оқушыларымен бірге аудандық мұражайға саяхатқа бардық.Осы мұражайға саяхат барысында біздің түйгеніміз,ойдың практикалық іске айналатын,ескі-құсқыны жинақтаушы емес,ұлт-мәдениетінің озық үлгісін жасайтын,әрбір жәдігердің тарихын,құндылығын,маңызынзерделеп анықтайтын,оны ғылымға айналдырып болашаққа аманаттайтын күрделі құбылыс.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ″Өлке тарихының қасиетті мекені″ атты еңбегінде:"Егеменді еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны ерекше.Тарихымызды терең зерттеп,оның тәжірибесінен тағылым алу Қазақстанда патриотизм қалыптастырудың,Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі"деп,тарихи таным мен ұлттық патриотизмге тәрбиелеудегі мұражайлардың танымдық ағартушылық пәрменін ерекше атап көрсеткен.Осы орайда,мұражай оқушының қызығушылығын арттырып,өз бетінше шығармашылық әрекеттер жасауға,ғылыми іздену жұмыстарының негізін қалауға көмектеседі.
″Елімнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып,көркеюіне жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет.Елдің де,жердің де иесі өзің екеніңді ұмытпа″,-деген сөзімнің соңын Елбасының сөзімен аяқтаймын...
Жылысова Жанар Калмахановна