«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы
Республикалық «Дарын» ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын Республикалық 1-7 - сынып оқушылары арасында өтетін «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауын өткізеді. Шал ақын ауданының білім бөлімі осы жылдың 29-қараша күні аудандық кезеңін Ақан-барақ орта мектебінде ұйымдастырды. Біздің мектептен де 4 ғылыми зерттеу жұмыстарымен оқушылар қатысты. «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» атты тақырыпта өз жобасын 5-сынып оқушысы Айтқожа Нұртай қорғап, І орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі Қалиянұрова Қ.Қ.
«Өсімдіктердің жанға шипасы» атты жұмыстарын қорғап 4-сынып оқушылары Қабыкен Аяулым мен Сәден Сабина ІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі Габдуллина Г.Қ.
«Шахмат ойынының математика пәніне тигізетін пайдасы» зерттеу жұмысын 7-сынып оқушысы Габдуллина Жансая мен 6-сынып оқушысы Сакен Айгерім қорғап, І орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі Габдуллин М.Қ.
2-сынып оқушысы Мәкен Ерасыл «Ешкі сүтінің пайдасы» атты жобасын қорғап, ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі Шұғайыпова З.К.
Ұсынылған 4 зерттеу жұмыстары да сәтті және жүлделі орындарға ие болды. Облыстық (іріктеу) ІІ кезеңге 2 жобамыз жолдама алды, Габдуллина Жансая мен Сакен Айгерім және Айтқожа Нұртай. Бұл оқушыларымызға алдағы сынақта ауданымыздың, мектебіміздің намысын абыроймен қорғап келулеріне сәттілік тілейміз.