Меню KDT

Аудандық жайдарман ойындары

1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  Аудандық   жайдарман ойындары  өткен  болатын. Аталған іс-шара  аудандық білім  бөлімінің  қолдауымен өтті. Оған өңірімізден  көптеген  құрамалар қатысты.

Құрама командалардың ойынға аса дайындықпен келгендерін көрермендердің соққан шапалақтары мен ду күлкілерінен білуге болады. Талантты жастардың ой ұшқырлығы мен мимикалары, ән мен би өнерлері залды тамсандырып, өткір әзілдері күлкіге қарық қылды.

Заман талабына сай жастардың қызығушылықтарын ортаға салып, ой-пікірлер қалыптастырды. Жастар санасына өзекті интеллект ұғымын тәтті әзілмен жеткізе білді.

Тартысты өткен бәсекенің нәтижесінде Жаңажол орта мектебінің «Жас Энштейндер» құрамасы қанжығаларына  үшінші орынды  еншіледі.

 

 



Комментариев нет
Просмотров: 292
Автор: b133skobilim
Сайт: www.b133.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.11.2017 в 00:00