«Табиғатты қорғау – болашақты ойлау»
Өмірлік маңызды тіршілік көзі ретінде табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында «Астана – таза қала!» атты абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткізілді. Экологиялық айлық аясындағы жалпықалалық сенбілікке мектеп ұжымы және оқушылар белсенді қатысты. Табиғатты қорғауға байланысты нақыл сөздер жазылған лозунг, банер қолданылды және сенбіліктің ашылу салтанаты жүргізілді. Экологиялық айлықты және жалпықалалық сенбілікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында бекітілген мектепшілік «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» қабырға газеттерінің жеңімпаздарын марапаттау өтті. Сенбілікте мектеп ғимаратының сыртқы территориясына тазалық, гүл отырғызылған гүлзарларды, газон шөптердің арасын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.