Меню KDT

«Тілдерді меңгеру – жарқын болашақтың бағдаршамы»


 

Мектебімізде 18-29 қыркүйек аралығында «Тілдерді меңгеру – жарқын болашақтың бағдаршамы» атты Қазақстан халқы тілдері ХІХ фестивалі өткізілді.

2017 жылдың 18-қыркүйек күні жаппай 1-11 сынып аралығында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты қазақ тілінің жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, еліміздің жан-жақты дамуына, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға, ұлттық мүддеге бағытталған.  Сабақ барысында Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы аясында  латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы айтылып  және «Туған ел» атты видеоролик  көрсетілді.

 2017 жылдың 22-қыркүйек  күні Қазақстан халқы тілдері ХІХ фестивалі аясында  «Тілдерді меңгеру­ - жарқын болашақтың бағдаршамы» атты мерекелік шараның салтанатты түрде ашылуы өтті. Жоспар негізінде шара үш тілде жүргізілді. Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Бекбатырова Сандуғаш Болатбекқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Бержанова Самал Сапарғалиқызы  және ағылшын пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Айдакпелова Мақпал Тойшебекқызына сөз берілді. Бірлестік жетекшілері Қазақстан халқы тілдері ХІХ фестивалі аясында өткізілетін  іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырып, тілге  деген құрмет – елге деген  құрмет екенін айта отырып  оқушыларды белсенді қатысуға шақырды.

 Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі өткізген «Менің тілім өлмейді – халқым тілі, Қазағымның сөнбейді алтын күні» эссе байқауы, «Жыр жауһары» сайыс сабағы, «Білгенге маржан» және «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалды  жарысы жеңімпаздары анықталды, ана тіліміздің күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейтіп қана қоймай, тілдің ұшқырлығын пайдаланып, жыр жазып, өлең де шығарылды. 

 Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастырған «Страна, соединившая народы» сурет байқауы, «В гостях у сказки» шығармалар байқауы, «Есть в осени первоначальной...» мәнерлеп оқу байқауы, «С чего начинается малая Родина?», «Герои родного края», «Моя мечта о будущем родного края», «Достояние родного края» шығармалар байқауы, «Осенняя сказка» қуыршақ театры және ағылшын бірлестігі ұйымдастырған «English nightingale» әдеби сазды кеш, «Let’s go to the cinema» бейнефильм, «We live on the same planet» жұмбақ шешу сайысы, «In the world of Fairy Tales»  ертегілік қойылымдар сайысы, «Trilingual generation» танымдық - зияткерлік сайысы, «Enjoy English» интеллектуалды сайысы оқушыларға жаңа бағыт пен шабыт сыйлады.

Тілдер мерекесінің жабылу салтанатында ұйымдастырылған шараларда өз білімдерімен, шеберліктерімен алға шыққан оқушылар марапатталды.  Іс-шараларды өз деңгейінде ұйымдастырған пән мұғалімдеріне алғыс білдірілді.

Қазақстан халқы тілдері ХІХ фестивалі мектеп қабырғасында өз деңгейінде аталып өтілді.


Комментариев нет
Просмотров: 764
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.09.2017 в 00:00