Меню KDT

«Латынға көшу – заман талабы» тақырыбында ұстаздармен дөңгелек үстел

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, Қазақстан латын әліпбиіне 2025 жылға дейін толық өтіп бітуі тиіс.Осы мақаланы  зерделеу аясында «Латынға көшу – заман талабы» тақырыбында ұстаздармен  дөңгелек  үстел  өтті.Аталған іс-шараға  мектеп   ұстаздары  белсене  қатысып, «Рухани жаңғыру» идеясының маңыздылығын талқылап,латынға көшудің артықшылықтары мен кемшіліктерін ортаға салды.Елбасы жолдауынан латын әліпбиіне қатысты пікірлері айтылып, бейнебаян көрсетілді,латын әліпбиін тез үйренудің жолдары  мұғалімдер  арасында  қызу талқыға түсті.                                      Сөз соңында рухани жаңғырудың темірқазығы болып отырған латын әліпбиін енгізуге  баршамызға  атсалысу  керек  екендігі айтылып, дөңгелек үстелді қорытындылады.

 



Комментариев нет
Просмотров: 281
Автор: b133skobilim
Сайт: www.b133.sko-bilim.kz
Добавлено: 27.11.2017 в 00:00