Меню KDT

AҚТҚ/ЖҚТБ қарсы күрес айлығы

2017  жылдың қарашаның 10-шы жұлдызынан бастап  10-желоқсанға  дейін  Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінде  АҚТҚ\ЖҚТБ-ке қарсы күрес айлығы өтіп жатыр. Іс-шаралар мақсаты  оқушыларға темекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ-нің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіріп, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгертіп, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.  Әр оқушы аурудың алдын алу үшін, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.



Комментариев нет
Просмотров: 284
Автор: b133skobilim
Сайт: www.b133.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.11.2017 в 00:00