Мұздағы қауіпсіздік!!!
Құрметті ата-ана!
Күз уақыты келіп, күн суытып, мұз
қату мерзімі келді. Демалыс уақыты болғандықтан, балалар коньки теуіп, мұзға
шығуға асығады. Ауылымызда күздің соңғы айы мен қыс айының басы
қараша-желтоқсанда мұз қата бастайды. Алғашқы мұз өте қауіпті! Бұл уақытта мұз
жұқа, ауырды көтере алмайды, абайламасаң қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.
Естеріңізде болсын!
Кішкентай балаларда тәжірибе жоқ, қауіпсіздік шараларын дұрыс біле
бермейді, мұз үстіндегі ережені толық білмейді. Сол себептен қайғылы жағдайды
болдырмау үшін, балаларға қамқорлық білдіріңіздер!
Балалардың өмірін сақтаңыздар!
Оқушыларға тыйым салынады:
Дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және
топталып тұруға;
Су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;
Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;
Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне
шығуға;
Балалар!
Мұз қату
кезінде су айдынында сақ болыңдар!
Жұқа мұздың
үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!
Өз
өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!
Жұқа, толық
қатпаған мұз үстіне шықпаңдар!