Меню KDT

Алтын ұя мектебіме 10 жыл!

Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерейтойын асыға күткен мектеп ұжымы мен оқушылар  2017 жылдың қараша айының 20-жұлдызында салтанатты жиындар таңертеңнен бастап өткізілуде


Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерейтойын асыға күткен мектеп ұжымы мен оқушылар  2017 жылдың қараша айының 20-жұлдызында салтанатты жиындар таңертеңнен бастап өткізілуде. Мектепте ерекше көтеріңкі көңіл-күй байқалады.

Алғашқы мерекелік күн  оқушылардың салтанатты саптық жиынымен басталды. Аталған салтанатты жиынды мектеп-лицей директоры Алма Алтынханқызы Жұмабекова ашып, оқушылар мен мұғалімдер ұжымына жылы лебізін білдірді.

Әр сыныпқа арналған құттықтау хаттар мен  арнайы дайындалған сый-сияпаттар тапсырылып, балаларға күтпеген қуаныш сыйлады.

Атаулы күн  оқушылар мен мұғалімдердің есінде мәңгілік қалатынына сенімдіміз.

 











Комментариев нет
Просмотров: 261
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.11.2017 в 00:00