"Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары"
Бүгін Астана қаласы №48 мектеп-лицейде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығының қорытынды іс-шарасы өтті. "Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары" тақырыбындағы конференцияға белгілі алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының докторы- Әбдуәли Бекжан және алгебра, геометрия кафедрасының оқытушысы Абдрахман Сапарұлы қатысты.
Бүгін Астана қаласы №48 мектеп-лицейде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығының қорытынды іс-шарасы өтті. "Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары" тақырыбындағы конференцияға белгілі алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының докторы- Әбдуәли Бекжан және алгебра, геометрия кафедрасының оқытушысы Абдрахман Сапарұлы қатысты. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының халқына сіңірген ұлы еңбектері туралы танымдық ақпараттар беріп, оқушылар пікірін тыңдады. №2 өнер мектебінің оқытушысы, дәстүрлі әнші Серікбай Ақтөре Еркінұлы "Аққұм" өлеңі арқылы Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір қырын көпшілікке танытты. Конференция соңында мектебімізге алаш қайраткерлері туралы жинақ кітаптары сыйға тартылды.

