Меню KDT

"Қазақтың ұлттық ойынары" атты ашық сабақ


Қарашаның 17-нші жұлдызында №21 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6-8 сынып оқушылар арасында қазақ тілі және дене шынықтыру пәндері бойынша біріккен сабақ өтті.
Тақырыбы:«Қазақтың ұлттық ойынары».
Сабақтың түрі: сайыс сабақ,аралас сабақ.
Мақсаты:Балаларға арналған  ұлттық ойындармен таныстыру ,ойнап  көрсету  және ойнау.
Адамгершілік ,ұлттық сыйластық , дене тәрбиесін  беру.
Ойын, жарыс түрінде көрсету, үйрету, дамыту.
Сабақта әр ұлттық ойындарға байланысты көрнекіліктер болды.
Мысалы:қолдан жасалған аттар,асық,карточкалар,сандықтың суреті т.б.керекті заттар.
Сабақ өз мақсатына жетті.Оқушылар қызыға,таңдана қатысты.

Сабақты өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәні және дене шынықтыру мұғалімі: Абдрахманов Ш.З., Абдрахманова Г.Т.



















Комментариев нет
Просмотров: 390
Автор: 21mektep
Сайт: www.21.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.11.2017 в 00:00