Меню KDT

Күзгі бал


  27 қазан күні сағат 16.00-де 9-11сыныптар арасында   «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2017» байқауы өтті. Байқау негізгі 4 бөлімнен тұрды: өнер сайысы: қатысушылар кино, не мульфильмді  тәрбиелік мәні бар мазмұнмен сомдау, «Қолөнер» сайысы: табиғи материалдардан, бисерден т.б материалдардан  картина жасау, күзгі байлық: жеміс-жидектен композиция жасау, сән үлгісі: дәстүрлі емес материалдардан тігілген киім үлгісі, қосымша сыныптан  1 өнер көрсету.  Байқауға 9-11 сыныптан 11пар қатысты, тек 11 «А» сыныбы қатыспады. Оқушылар байқауға жақсы дайындалған.
 Өнер сайысы жоғары деңгейде өтті, тәрбиелік мәні өте зор, мазмұнды,  тек
10 «Ә» сыныбы талапты дұрыс орындамады, өздері қойылым қойды, мазмұнды, бірақ қойылымдарын дұрыс көрсете алмады, 9 «Ғ» сыныбы мазмұнын аша алмады. Қолөнер  сайысында 11 «Б» сыныбы талапқа сай орындамады.  Күзгі байлық байқауында 11 «Б» сыныбы көкөністен әдемі композиция жасаған,  қалған қатысушылар  жеміс-жидектен жақсы үйлесім жасаған.   
Сән үлгісін өте ерекше көрсете білген 11 «Ә» сыныбы, 10 «А» сыныбы.
11 «Ә» сыныбы ханзада киінбеген, 9 «Ә» сыныбы дәстүрлі емес матермиалдар қолданбаған.
Қосымша өнерде  11 «Б» сыныбының (вальс) биі өте ерекше,  10 «А» сыныбының (вальс) биі  әдемі шықты. 11 «Ә» сыныбы өнер көрсетпеді. Байқау жақсы деңгейде өтті. Нәтижесінде «Бас жүлде»   10 «А» сыныбына бұйырды, І орын  9 «А» сыныбы, ІІ орын 9 «Д» сыныбы, 10 «Б» сыныбы, қалған сыныптар ІІІ орын иеленді.







Комментариев нет
Просмотров: 414
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.10.2017 в 00:00