Меню KDT

"Туған жерім тамаша"

Елбасымыздың жалпақ жұртқа жария еткен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша  «Шал ақын ауданының Еңбек бастауыш мектебі» КММ жанындағы «Еркетай» шағын орталығы тәрбиеленушілеріне «Туған жерім тамаша» тақырыбында  М.И. Венингтің ұйымдастыруымен  тәрбие сағаты  өткізілді.  Іс шара бойынша тәрбиеленушілерге туған жеріне деген сүйіспеншілігін, еліне деген мақтанышын, патриоттық сезімін оята, жас өспірімдер санасына жалпы ұлттық қасиет сіңіру мақсаты көзделді. Тәрбиеленушілер өздерінің туған жеріне арнап тақпақ айтып, патриоттық ән орындады. Қайырлы Медина тәрбиеленушіміз:

                          Жаңарған берекелі еліміз бар,

                          Даласы гүлге толы жеріміз бар.

                          Кең өлкем, байлығы мол, ынтымақты

                          Шалқыған айдын шалқар көліміз бар, -  деп тақпақ айтса,

Қайырлы  Ислам:   - Біздің туған жеріміз кең байтақ, орман, тоғайымыз түрлі аң, құстарға бай,- деп тамаша туған жеріміздің байлығын суреттермен көрсете отырып, мақтан етті. Іс шараға қатысып отырған балалардың орындауында «Атамекен» әні шалықтады. Бүгінгі күні жас өспірімдердің бойына  мәдени құндылықтарды сіңіріп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру айрықша көңіл бөлінеді. Осы орайда  отансүйгіштікке, табиғатты аялауға бағытталған іс шаралар өткізіп, ұл-қыздарымызды тәрбиелеудеміз.


Теги:  Туған жерім тамаша

Комментариев нет
Просмотров: 191
Автор: b1321skobilim
Сайт: www.b1321.sko-bilim.kz
Добавлено: 09.11.2017 в 00:00