"Шал ақын ауданы" туралы оқу сағаты
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы өңіріміздің рухани дамуына серпін беріп, көптеген идеяларға негіз болды. «Туған жер» бағдарламасы аясында ауданымыз бен одан шыққан тума-түлектеріміздің еңбектері еленіп, қайта жаңғыртылуда. Қарашаның 6 күні ауыл кітапханашысы Құрманқұлова А.Т. Шал ақын ауданы туралы мектеп оқушыларына оқу сағатын (час чтения) өткізді.Ауданымыздан шыққан талай мақтан етерлік тұлғалар мен жерлестеріміз жайында да мағлұмат берді. Үлкенге қарап кіші бой түзейтіндіктен, үлгі етуге тұрарлық жерлестеріміздің жақсылығын айтып, нұрын тасыта беру біздің борышымыз деген тұжырыммен оқу сағаты аяқталды.
Теги:
Оқу сағаты
Комментариев нет
Просмотров: 332