Меню KDT

Ата-аналар жиналысы.

І тоқсан қорытындысы бойынша мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. 

Мақсаты:

Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Оқушылардың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, алтын ұясы ата-ана екенін түсіндіру, ата-анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып, ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқуға қатысты жауапкершілікті арттыру.  «Жаңартылған білім мазмұны» бойынша 2 сыныптың ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста Жукенова Г.А.  оқушылардың ата-аналарын жаңартылған білім мазмұнымен, критериалды бағалау жүйесімен таныстырды. Ата-аналардың қатысуымен сабақтан үзінді көрсетіліп, критериалды бағалау жүйесінің қалыптастырушы және жинақтаушы бағалауы қалай жүргізілетіні туралы түсіндірілді. Жиналыста ата-аналардың пікірлері тыңдалып, сынып жетекшілердің және мұғалімдердің тарапынан көптеген кеңестер айтылды.  



Комментариев нет
Просмотров: 290
Автор: b1321skobilim
Сайт: www.b1321.sko-bilim.kz
Добавлено: 05.11.2017 в 00:00