Сенбілікте ағаш отырғызылды
Дәстүрге айналған сенбілік шараға, колледжіміздің студенттері мен жұмысшылары қатысты. Бізде тазалыққа арналған талай шаралар да өткізілуде. Бұл сенбіліктің ерекшелігі, әр топ өзіне бекітілген жерге терек, тал отырғызды. Колледжіміздің мақсаты да, еліміздің дүниежүзіндегі ең таза жер болып, экологиялық жағдайы жақсы болуы. Біз табиғатымызды сақтауымыз қажет, сонда ғана қайтарымында еліміз бен ұлтымыз салауатты болмақ. Сенбіліктен кейін, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен бірге, колледжіміздің 15 белсенді студенттері мен педагог-организатор Асқарова Айкерім қарттар үйіне барды. "Қазыналы қарттарым" тақырыбында тыл ардагерлеріне барып, қоғамдық көмек көрсетіп, қиын қыстау сәттерімен бөлісіп, жастарға айтар ақылындарын тыңдап, жақсы көңіл күймен тарқасты. Жастарды көрген қарт кісілер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
