Меню KDT

Түлектер тобының кездесуі


2017 жылдың 12 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «№6 гимназия» КММ-де түлектер тобы Ә.Жақсыбеков, С.Жақсыбеков, А.Сухоцкий, Н.Тихонюк, С.Фомичев, М.Чирков қонақта болып қайтты.  Олар болашақ 2018 жылдың түлектерімен кездесіп, мектепке  заманауи жаңа мехатрондық оқу құрал-жабдығын сыйлады.

Мехатроника - қазіргі таңда электронды-есептегіш техниканың дамуын анықтайтын, яғни интеллектуалды машина жасауға басымдық беретін сала. Ол өзіне механика, микропроцессорлық техника, информатика, электроника және машиналар мен агрегатты қозғалтуды компьютермен басқару ісін біріктіреді. Астанадағы №6 гимназияға орнатылған жабдық пневматиканың негізгі принциптерін, ауаның ерекшелігін, ал физикалық негіздегі көлемін, қысымын, күшін, сондай-ақ заманауи деңгейде механизмдерді бағдарламалаудың негізін де үйреніп, зерттеуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында №6 гимназия мен Астана қалалық Политехникалық колледжі арасында мехатроника бойынша оқитындар арасында жарыстар мен олимпиадаларға қатысу, оқушыларды кәсіби бағытқа даярлауды жүргізудегі әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.


Комментариев нет
Просмотров: 252
Автор: 6mektep
Сайт: www.6.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.10.2017 в 00:00