Меню KDT

Экскурсия «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы»


Тұңғыш Президент күні қарсаңында мектебіміздің  8 «А», 8 «Ә» сынып оқушылары Елбасының қандай кітаптар оқитынын, кітап оқыған кезде қандай қағидалар ұстанатынын және ол қандай оқырман екенін білу мақсатында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына» экскурсияға барды. Онда керемет экскурсия жүргізуші Тұңғыш Президент кітапханасы туралы жан-жақты айтып қана қоймай, сол бір кітап мекенін мейлінше аралатты.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатындағы 20 мыңнан астам басылым мен 700 жәдігер жинақталған: олардың арасында мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, Президенттің өз қаражаты есебінен алынған өнер туындылары және тарихи мәні зор құндылықтар оқушыларға естен кетпес  әсер қалдырды.



Комментариев нет
Просмотров: 548
Автор: 16mektep
Сайт: www.16.astana-bilim.kz
Добавлено: 24.10.2017 в 00:00