Меню KDT

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайына экскурсия

2017 жылдың 13 қазанында  1 АТэ-117 тобының студенттері және колледж оқытушылары Абельдинова Д.К., Узбаирова А.Т. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайында болды.


2017 жылдың 13 қазанында  1 АТэ-117 тобының студенттері және колледж оқытушылары Абельдинова Д.К., Узбаирова А.Т. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайында болды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен 2004 жылдың 28 тамызында құрылды.
2016 жылы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мен қосылды.
Бұл Қазақстанда алдыңғы қатарлы, заманауи кітапхана мен мұражай. Қазіргі уазытта «кітапхана» мен «мұражай» қорларында 37 733 сақтам бірлік бар. Соның ішінде Мұражай кітапханалық қоры 2 240 дана кітап. Мұражай электрондық мұрағат қоры 25 813 сақтам бірлігінен, мұражай қоры 9 680 сақтам бірлікті құрайды.
Мұражайды таныстырушы (гид) мұражайдың әр қабатында қандай зал бар екендігін атап айтты. Соның ішінде ерекше көзге түскен (1985-1991 жж.) еліміздің егемендік пен тәуелсіздік алудағы күрделі кезеңдеріне арналған. Елбасы өмірбаяны жайлы, еліміздің егемендікке жету кезеңдері жайлы және тарихи құжаттар, мұрағат материалдар, материалдық және рухани мәдени бұйымдары қойылғандығын көзбен көрдік.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайына экскурсия барысында студенттердің болашаққа деген қызығушылығы артып, еліміздің тарихын тереңірек түсінді.


Комментариев нет
Просмотров: 444
Автор: mpcollege
Сайт: www.mpcollege.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.10.2017 в 00:00