Ұстаздар күні
"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" - жеп Абай атамыз айтқандай шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымын төл мерекесі аталып өтті. Күнделікті таңғы жаттығу, қойырау үні, бірінші сабақ... Бірақ оқушылар орнында ұстаздар... Қызық және үйреншікті. Ұстаздар мерекесін оқушылар тағатсыздана күтеді себебі өзін-өзі басқару күні болатын. 8-9 сынып оқушылары Шұғай Ерасыл, Даирова Акбота, Абдрахманов Бейімбет, сагитов Алмас мұғалімдерге сабақты қызықты етіп өткізді. Сабақтан соң мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар жаппай ат салысып қатысып жатты. ТІЖО Наушина А.О. жетекшілік етуімен оқушылар шығармашылық түрде ұстаздарды құттықтап жатты. Ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.