Денсаулық фестивалі
«Тауағаш орта мектебі» КММ
2017-2018 оқу жылы
«Денсаулық фестивалі» төңірегінде өткізілген «Біздің денсаулығымыз,
біздің қолымызда»
09 қыркүйек 2017 жылы Тауағаш орта мектебінде «Денсаулық фестивалі» төңірегінде «Біздің денсаулығымыз, біздің қолымызда» атты іс-шаралар өткізілді. 1-4 сынып оқушылары флеш-моб биледі, 3-4 сынып оқушыларымен эстафеталық жарыс өткізіліп, оқушылар белсене қатысты. 5-11 сынып оқушылары арасында «Күзгі кросс» өткізілді. Оқушылар нормативтер бойынша кроссқа қатысты, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар белгіленді. Оқушылар арасында денсаулық сақтау жайлы мектеп медбикесі акциялар өткізіп, парақшалар таратты. Мектеп мұғалімдері де іс-шараларға белсене қатысты.
Дайындаған: мектеп директорының ТІЖО Сагандыкова Ж.С.



Комментариев нет
Просмотров: 409