Қыркүйектің 18-і фестивальдің салтанатты түрде ашылуы болды


Қыркүйектің 18-і фестивальдің салтанатты түрде ашылуы болды. Оған мектеп әкімшілігі мен әдістеме бірлестігінің жетекшілері қатысып, оқушыларды Тілдер мерекесінің ашылуымен құттықтады. Мектебіміздің озат оқушылары әртүрлі тілде өлеңдер оқыды. Мектебіміздің қабырға газетіне «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбына үздік деген мақалалар жарияланып, ол мақаланың авторлары мақтау қағазымен марапатталды..
«Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
5-11 сынып жетекшілері «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбында ашық тәрбие сағаттар өткізілді. 

«Тіл – ұлттың басты негізі»
6 «Г» сыныбында «Тіл – ұлттың басты негізі» тақырыбына Қазбекова Аманкүл Хамзеқызы мерекелік кеш ұйымдастырып, өткізді. Кеш «Тіл – ұлттың басты негізі» атты бейнероликтен басталды. Бейнероликте мемлекетіміз егемендік алып, ана тіліміз қанатын жайып, көптен күткен арманымыздың орындалғаны, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, тіл ерекшелігі болатыны, біздің ұлттық тәрбиеміз - ананың тілінен бастау алатыны, "Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” екені, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс екені жөнінде айтылды.
Кеште оқушылар тілге деген құрметін қазақ, орыс, украин, белорус, әзербайжан тілдеріндегі өлеңдер арқылы ортаға салды. Әнұран орындалып, «Ана тілім», «Туған жер» әндері шырқалып, ұлттық билер биленді. Сонымен қатар мақал – мәтелдер сайысы өткізіліп,викториналық сұрақтар да қойылды. Оқушылардың назарына «Қазақ ойшылдарының тіл туралы айтқаны» бейнеролигі ұсынылды. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы екенін түсінетін оқушылар белсенділік танытқандықтан, кеш жоғары деңгейде, тартымды өтті.
«Тіл-Тәуелсіздік тұғыры» эссе

22.09.2017 күні 8-11 сыныптар арасында «Тіл-Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында эссе жазу сайысы өтті. Эссені мәзмұнды жазған оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді.
«Тілдер әлемінде» атты поэзиялық кеш

Қазақстан халқы Тілдер күні аясында мектеп кітапханасында «Тілдер әлемінде» атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды.Кешке 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Кеш барысында мектеп кітапханашылары Ғалия Истайқызы мен Зоя Михайловна әлемдер тіліне оқушылармен саяхат жасады. Кеш мәнерлеп оқу сайысымен жалғасты. Бұл сайысты қазақ тілі мұғалімдері : атап айтсақ Нұрманова Д.Т,Дәуетаева Г.А. Жетписова Ш.Ш ұйымдастырды. Сайысқа 8-11 сынып оқушылары қызығушылықпен қатысты. Әдеби кешкте ұлы ақындардың өлеңдері көркем мәнермен орындалды. Бараков Асыл Ахмет Байтұрсыновтың «Алаш» өленін, Игнатьева Елизавета Мүқағали Мақатаевтың өлндерін жатқа айтты. Мәнерлеп оқу сайысы өте жоғары деңгейде өтті.


Ағылшын тілде «My Kazakhstan» сайысы
8-9 сыныптар арасында ағылшын тілінде «My Kazakhstan» атты тақырыптық сайыс өтті. Сайысты ағылшын тілінің мұғалімі Сеитова Гүлнәр Есетқызы өткізді. Оқушыларын екі топқа бөлінді: бірінші топ ұлдар тобы «The best boys» және екіншісі қыздар тобы «The beautiful girls» деген атпен жарысты.
Сайыста оқушылар Казақстанның тарихын ағылшын тілінде баяндап және постерлар арқылы қорғап шықты.
Сайыс соңында балалар суреттерден коллаж жасады. Джунусова Даяна ағылшын тілінде «My Kazakhstan» атты өленін жатқа атты.
«Әдептілік» сайысы»
29.09. күні 8 «В», Г» орыс сыныптары арасында «Әдептілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты. Әр ұлттың тілдері арқылы оқушылар арасында әдептілікке, сыйластыққа, жақсы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сайыста оқушылар бір-бірімен мәдениетті сөйлеп, өзге тідердің жақсы сөздерін үйреніп, сайысқа түсті. Сайыс өте жақсы өтті. Мұғалімі Д. Нұрманова сайыста жаңартылған бағдарлама бойынша 40 әдіс-тәсілді тиімді пайдалана отырып, оқушыларды әр тілде сөйлеуге бейімдеді.

«Кім көп біледі?» атты викториналық сайыс
Қалалық Тілдер Фестивалі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері С.Т.Нургалиева мен А.Б.Кұлтасова 5 «Г» сыныбында «Кім көп біледі?» атты викториналық сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу, оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту және оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушылар екі командаға бөлініп, сайыс барысында өте белсенділік танытты. Сайыста қазақ тілі, орыс тілі пәндері бойынша сұрақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, Қазақстан туралы викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар барлық кезеңде білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Команда мүшелері сайыс барысында Ана тілі туралы белгілі ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті.

«Қазақ тілі» өлеңі
Тілдер мерекесі қарсаңында Қазбекова А.Х. 7 «Г» орыс сыныбында «Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушыларға психологиялық ахуал туғызудан басталды. Мұғалім оқушыларды бір – біріне қарама – қарсы тұрғызып,амандасу түрлерін ауызша айтып тұрды. Оқушылар тыңдалған амандасу түрін іс – қимылмен көрсетті. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Мағжан Жұмабаев туралы бейнематериал көрсетілді. Оқушылар бейнематериал бойынша берілген сұрақтарға жауап берді. Ақынның «Қазақ тілі» өлеңін аудиотаспадан тыңдап, өз ойларын айта білді. Сонымен қатар, өлеңді Анна Ахматованың «Мужество» өлеңімен салыстырып, өз пікірлерімен бөлісті.Сабақта оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер айтып өз білімдерін көрсете білді. «Көңілді күн» бейнеролигі бойынша сергіту жаттығуларын жасады. «Мағжан Жұмабаев – ұлы тұлға» тақырыбына постер жасап, қорғады. Сабақ барысында оқушылар ойын жақсы, нақты жеткізе білді. Сабаққа деген қызығушылықтары жоғары болды.

Сабақтың барлық кезеңінде оқушылар белсене қатысты.
«Тілді дамыта отырып-Салаутты өмір салтын сақтау» атты сайыс
Мектебіміздің дене тәрбие пәнінің мұғалімдері «Тілді дамыта отырып-Салаутты өмір салтын сақтау» атты фестиваль өткізілді. Фестивальға 5-6 сынып оқушылары белсене қатысты. Жеңіске жеткен сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.

Қазақстан халқы тілдерінің XІX фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар тілдер фестивалінің жабылуына арналған салтанатты саптүзеуде қорытындыланды. Мектеп директоры сөз сөйлеп, осы мерекеге белсене атсалысқан ұстаздар мен мектеп оқушыларына алғысын білдірді.