Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді.Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Әлихан Бөкейханұлы :- «Шын білім тәжірибеде ғана туады. Білім жолының негізі –тәжірибе болады, жаттап алып білген білім кісіден сұрап киген тон сияқты. Тойда тонымды бер деп шешіп алғандай, жаттап алып білген білім мектептің табалдырығын аттай бере естен шығады да ұмытылады»- деген екен.
Осы орайда біздің № 26 мектеп- балабақшаның қабырғасында «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпты қалалық білім бөлімінің әдіскері Гаухар Жұмабекқызы Темірбаева ашты. Шеберлік сыныптың Қазақстан халқы тілдері күніне тұспа тұс келуіне байланысты семинарға қатысушыларды тілдер күнімен құттықтап, ұсаздарға сәттілік тіледі.
Екінші кезекте № 26 мектеп - балабақшаның қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік жетекшісі Тәттібаева Айжан Боранбайқызы жаңартылған білім беру мазмұнына қысқаша тоқталып, «Көкжиек- Горизонт» баспасынан шыққан оқулықтарға шолу жасады.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде осы мектептің 5-7 сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Иткулова Сандуғаш Жұмабекқызы «5 сыныптарда жаңартылған бағдаралама бойынша тапсырмаларды түрлендіру» және Суфиянова Венера Абдрахманқызы «Сөйлеу әрекетінің дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс- тәсілдер» атты шеберлік сыныбында қатысушылармен іс- тәжірибе бөлісті.
Семинардың соңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Лариса Васильевна Гальчукова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алма Ғалымқызы Құдабаеваның ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Халықтарды біріктірген -ел» тақырыбындағы музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Жалпы семинар жұмысы өз деңгейінде өтіп, ұсаздардың көңілінен шықты.