Меню KDT

Ж.Тәшенев атындағы №20 орта мектебінде «Тілі беріктің-елі берік» атты үш тілде 18.09-26.09.2017 ж аралығында апталық өтілді.


Апталықтың ашылуы 18.09.17 сағат 10.05 , 5-11 сыныптарда салтанатты  ленейка өтілді. Оқушылар  үш тілде өлең жолдарын жатқа айтты.Бейнебаян көрсетіліп,оқышылардың үш тілде білім алу жағдайына әлем деңгеінде шолу жасады.


 19.09 күні сағат 12.30, 5-6 сыныптар арасында « Грамматический пирог» атты сайыс өтті.Жауапты орыс тілі мұғалімдері:Сагитова.Б.Қ ,Тасбулатова.А.Н. Сайыста  оқушылардың білім деңгейі анықталып,оларға түрлі сұрақтар қойылды.Жеңген сыныптарға марапаттау сыйлықтары таратылды



20.09 .17ж А.П Шухов атындағы кітапханада  сағ:12.30 ,5-11 сыныптар арасында  « Менің көп тілді Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Кітпхана меңгерушісі: Л.З Ерғожина  мәнерлеп оқу сайысын ұймдастырылуына ат салысып,марапаттау қағаздарын дайындады. Қазақ тілінен: I орын иегері Еркинова.А, II орын Қоскен.Д. Орыс тілінен:I орын Илясова.Ж, IIорынды Мырзахан.М марапаттау қағаздары сыйланды.Ағылшын тілінен қатысқан оқушыларға әдеби кітаптарды сыйға тартты.


21.09. сағат 13.00, 3-4 сыныптар арасында «Тіл -өмірдің айнасы» атты  сайыс өтілді. Бастауыш сынып жетекшілері бұл сайысқа белсене ат салысты.Кітаптар көрмесі ұйымдастырылып,жас бүлдіршіндер үш тілде сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді


23.09 күні,сағат 11.00, 5-11 сыныптарда « Тілі беріктің-елі берік» апталықтың жабылуы болды.Апталықта тілге байланысты көріністер көрсетіліп,биші қыздарымыз би биледі.Үш тілге байланысты бейнебаян мұғалімдер мен оқушыларға жол тартты.







 


Комментариев нет
Просмотров: 822
Автор: b1417skobilim
Сайт: www.b1417.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.09.2017 в 00:00