01.09-.01.10 аралығында №54 мектеп-лицейінде «Балалар қауіпсіздігі» айлығының өткізілгені жөнінде ақпарат
Астана қаласы Әкімдігі мен Білім басқармасының 8.08.2017 жылдың №462 бұйрығы негізінде 01.09-.01.10 аралығында №54 мектеп-лицейінде «Балалар қауіпсіздігі» айлығының өткізілгені жөнінде ақпарат.
№54 мектеп-лицейінде оқу жылының басталуына байланысты 2017 жылдың 01.09 мен 01.10 күндері аралығында мектепте жалпы оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен даенсаулығын қамтамасыз ету үшін «Балалар қауіпсіздігі» айлығына арнайы бұйрық шығарылып, жоспар бекітілді.
Жоспар бойынша, «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты сынып сағаттары, «Сақ бол!» тақырыбында №4 қалалық емхананың СӨС ұстану бөлімінің ұйымдастырушысы Абдешева Т.А. 5,6,7-сынып оқушыларына дәріс сабақ өткізіп, велосипедті жолда тебу барысында сақтық шараларымен таныстырды.
Мектеп психологы, инспектор, тәрбие ісінің меңгерушілерінің қатысуымен «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» атты 10- сынып оқушыларына семинар-тренинг және 5-11-сынып оқушыларынан аутодиструктивтік мінез-құлықтың алдыналу және болдырмау мақсатында сауалнама өткізді. Зерттеу жұмысына 855 оқушы қатыстырылды.
8-10-сынып оқушылары арасында «Мен өмірді сүйемін!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
«Тілсіз жау» өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында сынып сағаттарында абай болу керектігі айтылып, жадынама таратылды.
21-22.09 күндері ата-аналар жиналысында балалардың өмір қауіпсіздігі жайында айтылып, ата-аналарға кеңес берілді.
18-23 аралығында мектеп инспекторы және әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің орынбасарлары мектепке қарасты мөлтек ауданда орналасқан интернет клубтар мен саябақтарда, мөлтек ауданда рейд жүргізді.
7-ші сыныптар арасында «Біз-ұқыпты жаяу жүргінші» атты сыныптан тыс іс – шара өтті. Мақсаты көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.

