«Ең үздік мектеп» атағына №3 мектеп-гимназиясы ие болды
19 жетекші астаналық мектеп ақшалай жүлделермен марапатталды. Today.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, астанада ең үздік білім беру ұйымдарын марапаттағанын жеткізді. Қала басшысының гранттарымен бес номинация бойынша мекемелер және педагогтар атап өтілді. «Ең үздік мектеп» атағына №3 мектеп-гимназиясы, ал ең үздік мектепке дейінгі білім ұйымы атағына №37 «Арман» балабақшасы ие болды. Ең үздік қосымша білім беру ұйымы Балалар көркемсурет мектебі танылды, «Гуманитарлық колледж» МКҚК «Ең үздік колледж» атағына ие болды және «№1 психалогиялық-педагогикалық түзету кабинеті» МКҚК ең үздік арнайы ұйым деп танылды. Іс-шара шеңберінде балаға білім беру және тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижеге жеткен педагогтарды Білім және ғылым министрлігі «Ыбырай Алтынсарин» және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрмет төсбелгілерімен марапатталды. Ең үздік мектеп ұжымына алты миллион теңге көлемінде грант берілді. Сонымен қатар, Астананың 19 жетекші мектебі ақшалай жүлделермен аталып белгіленді. Олар жаңартылған білім беру мазмұны, халықаралық стандарт және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» менеджменттің енгізу шеңберінде жемісті жұмыс атқарды. Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен сүйемелденді. Баспасөз қызметі астананың білім беру жүйесінде 15 мың педагогикалық қызметкер бар екенін және оның ішінде 87 пайыз – жоғары білімі барлар екенін атап белгіледі. Соңғы 5 жыл ішінде еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін екі мың педагогикалық қызметкер атап өтілді, оның ішінде 123 – төсбелгілерімен, 117 – мемлекеттік наградалармен, 170 – ҚР БҒМ құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, 125 – қала әкімінің алғыс хаттарымен және 1450 педагогикалық қызметкерлер – білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
19 жетекші астаналық мектеп ақшалай жүлделермен марапатталды. 
Today.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, астанада ең үздік білім беру ұйымдарын марапаттағанын жеткізді. Қала басшысының гранттарымен бес номинация бойынша мекемелер және педагогтар атап өтілді.
«Ең үздік мектеп» атағына №3 мектеп-гимназиясы, ал ең үздік мектепке дейінгі білім ұйымы атағына №37 «Арман» балабақшасы ие болды.
Ең үздік қосымша білім беру ұйымы Балалар көркемсурет мектебі танылды, «Гуманитарлық колледж» МКҚК «Ең үздік колледж» атағына ие болды және «№1 психалогиялық-педагогикалық түзету кабинеті» МКҚК ең үздік арнайы ұйым деп танылды. 

Іс-шара шеңберінде балаға білім беру және тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижеге жеткен педагогтарды Білім және ғылым министрлігі «Ыбырай Алтынсарин» және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрмет төсбелгілерімен марапатталды.
Ең үздік мектеп ұжымына алты миллион теңге көлемінде грант берілді.
Сонымен қатар, Астананың 19 жетекші мектебі ақшалай жүлделермен аталып белгіленді. Олар жаңартылған білім беру мазмұны, халықаралық стандарт және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» менеджменттің енгізу шеңберінде жемісті жұмыс атқарды. Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен сүйемелденді. 
Баспасөз қызметі астананың білім беру жүйесінде 15 мың педагогикалық қызметкер бар екенін және оның ішінде 87 пайыз – жоғары білімі барлар екенін атап белгіледі. Соңғы 5 жыл ішінде еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін екі мың педагогикалық қызметкер атап өтілді, оның ішінде 123 – төсбелгілерімен, 117 – мемлекеттік наградалармен, 170 – ҚР БҒМ құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, 125 – қала әкімінің алғыс хаттарымен және 1450 педагогикалық қызметкерлер – білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.