Меню KDT

1-қазан қарттар күні

                   Мектебіміздің салтанат залында қарттар күніне арналған «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік кеш өтті. Мерекеге Көктал кентінің ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ештанаев Жазыбек Опиұлы жиналған қауымды мейрамдарымен құттықтады. Кешке келген қонағымыз Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңесінің төрағасының орынбасары, «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы қарттарға жүрекжарды тілегін білдірді. 


              Мектебіміздің салтанат залында қарттар күніне арналған «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік кеш өтті. Мерекеге Көктал кентінің ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ештанаев Жазыбек Опиұлы жиналған қауымды мейрамдарымен құттықтады. Кешке келген қонағымыз Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңесінің төрағасының орынбасары, «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы қарттарға жүрекжарды тілегін білдірді. Оқушылар мәнерлеп өлең оқып, тамылжыта ән салып, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй шертіп, мағыналы қойылым көрсетті. Көктал кентінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Жаңабек ата құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына алғыс айтты.

  

  

 

  



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Шабкенова


Комментариев нет
Просмотров: 537
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.09.2017 в 00:00