Меню KDT

Оқушылар қойылымы ойдан шықты

Қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен   «Өнерің өрге жүзсін!» тақырыбында Қызылорда қалалық жастар театры құрамында өнер көрсететін оқушылармен кездесу өткізілді.


Қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен   «Өнерің өрге жүзсін!» тақырыбында Қызылорда қалалық жастар театры құрамында өнер көрсететін оқушылармен кездесу өткізілді.

Кездесуге режиссер Оңталап Нұрмаханов мен білім беру ұйымдарының ұстаздары, оқушылар және ата-аналар арнайы шақырылып, киелі сахнаның болашақ әртістерінің өнерлерін тамашалады.

 

Оқушылар кездесуде монолог оқып, көрермендердің ықыласына бөленді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов осындай дарынды жастарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ата-аналарына ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдіре отырып, оқушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.


Комментариев нет
Просмотров: 1777
Автор: nurtazina.erkezhan
Сайт: www.korda-bilim.agartu.kz
Добавлено: 29.09.2017 в 00:00