Меню KDT

Тілді өркендету-баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді.

         Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Астана қаласының №38 мектеп-лицейі Елорда тарихында алғаш ашылған қазақ мектебі. Мектептің мемлекеттік тілге деген жанашырлығы алғашқы ашылған күнінен-ақ бастау алды. Бұл дәстүр жылдан-жылға жаңаланып, ана тілге деген құрмет пән сабақтарынан ғана емес, мектептің түрлі іс-шараларына қатысқан оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуінен көрініп тұрады.

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесін еліміздің барлық өңірлері тойлап атап өтеді.  Осындай айтулы іс-шара мектеп шаңырағында да жылда өз  жалғастығын табады. Қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстаздарының ұйымдастырумен 11-22 қыркүйек  «Тіл-рухани жаңғырудың тамыры» тақырыбында апталық жұмысын бастады.

19 қыркүйек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Динара Мейрамбекқызы мен Мақпал Бөлтірікқызының 8-сынып оқушыларымен өткізген «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты әдеби-сазды кеші өтті. Кеш қонақтары ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлы мен айтыс өнерінің саңлағы, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов.

Кеш барысы мектебіңізге қонақ болып келген  тұлғалардың құттықтау-тілек сөзімен ашылып, түрлі ән, би, қойылымдармен жалғасты. «Елім» әнімен Саметханова Аяулым көрермендерді әсем әнге бөлесе,  8-сынып оқушылары тіл туралы Алаш ардықтыларының рухты өлеңдерін жатқа оқыды. «Өнер» мектебі «Театр бөлімінің»  ұстазы Айжан Кәдіржанқызының жетекшілігімен, Әлихан Бөкейханов өмірінің соңғы минуттарынан сыр шертетін, «Алаштың Әлиханы» сахналық қойылымын ұсынған Қапалбек Ермек, Кубенбаев Аңсар, Мусаханов Алишер, Абдреев Марғұлан 8-сынып оқушылары барша қауымды ерекше әсерге бөледі. «Бұлқынды жүрек» деп әуелеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динара Мейрамбекқызы да әннен шашу шашты.  Атадан-балаға жеткен тіліміз, ұлттық жәдігерлеріміз, салт-дәстүріміз бен тарихи мұраларымызды ұлықтап жүрген оқушыларымыз «Асыл мұра» сахналық қойылымын көрсетіп, Махамбет, Құрманғазы, Дина бейнелерінде көрерменге көзайым болып қуаныш сыйлады.  Құрманғазының «Секіртпе» күйін шерте тартқан Серікжанова Аяжан да өз өнерін ортаға салды. Іс-шара соңы 8-сынып оқушыларының «Жаса, жаса Қазақ тілім» әнінің негізінде тамаша флешмоб биімен аяқталды. Сөз соңы мектеп-лицей директоры Кәмила Кәрімбердіқызының іс-шарадан алған әсері мен алтындай уақыттарын бөліп келген қонақтарымызға алғыс айтуымен қорытыланды. Әдеби кештен оқушыларымыз бен қонақтарымыз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізді. Ана тілін мұхитқа баласақ, оқушылар соның жағасына келіп екі алақанын қосып тұрып, қос уыстап іліп алып мөлдір суын ішкендей болды. Оның тереңіне бойлап, түбіндегі інжу маржанын ерінбей, жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізуді парызы екенін түсінді оқушылар.

Комментариев нет
Просмотров: 573
Автор: 38mektep
Сайт: www.38.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.09.2017 в 00:00