Азаматтың белесі
Азаматтың белесі
2017 жылдың 8-12 қыркүйегі аралығында Венгрия радиоәуесқойлар қоғамының (MRASZ) ұйымдастыруымен Эстергом қаласында шапшаң радиотелеграф бойынша 14-ші әлем чемпионаты өтті.
Әлем чемпионатына дүние жүзінің 19 елінен радиоәуесқойлар қатысты. Сайысқа қатысушылар радиопрограммаларды қабылдау және беруді, RUFS және Morse Runne бағдарламаларымен жұмыстарды орындады. Осы сайыста «Парасат» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Азамат Мұстафин қазақ елінің намысын қорғап , жүлделі төртінші орын ие болды.
«Парасат» мектеп-лицейінде еліне жеңіспен оралған жеңімпазды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Дүбірлі сайыста оралған Азаматты аудан әкімінің орынбасары Мара Жұмабаева, білім бөлімінің басшысы Берік Аюпов, мектеп директоры Сағат Елеукина құттықтады.



Комментариев нет
Просмотров: 683