Меню KDT

«Мерекелік құттықтау» тақырыбында бейнебаян сайысы


1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.

Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

                Осыған орай «Тілдер мерекесіне» байланысты №6 гимназияда түрлі сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Соның бірі 10-11 сыныптар арасында В.А.Сұлтанованың ұйымдастыруымен «Мерекелік құттықтау» тақырыбында бейнебаян сайысы өтті. Бейнебаянның сапасына, эстетикалық талғамына, креативтілігіне баса назар аударылды. Бейнебаян ұзақтығы 5-7 минут көлемінде болуы керектігі ескерілді.

         Барлық сыныптар бейнебянды жақсы деңгейде дайындаған. Бейнебаяннан оқушылардың бірнеше тіл білетіндігі, тілге деген қызығушылықтары жоғары екені байқалды. Сайыстың жүргізушілері үш тілде өткізді. Олар: Қайырбеков Мирас –қазақ тілінде, Нечаев Иван – орыс тілінде, Амиржинова Альбина – ағылшын тілінде.  Қорытындысы бойынша: 11-сыныптардан 11 «В» ІІІ орын, 11 «Б» ІІІ орын, 10 «Б» сынып ІІ орын, 10 «А» сынып І орындарға ие болды.


Комментариев нет
Просмотров: 305
Автор: 6mektep
Сайт: www.6.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.09.2017 в 00:00