Меню KDT

"Тіл ақылдың өлшемі" атты тіл апталығы

Қыркүйек айының 16-23 жұлдызы аралығында біздің мектепте "Тіл ақылдың өлшемі" атты тіл апталығы болып өтті. Метеп мұғалімдері ерекше белсенділік танытып,  әртүрлі формада ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар  өткізді.  Барлық өткізілген іс -шараларға оқушылар жауапкершілікпен белсенді түрде ат салыса қатысты. Бастауыш сынып оқушылары арасында "Менің Қазақстаным" атты суреттер көрмесінен бірінші орынды 1 сынып  оқушысы Қайырден Мақсат иеленсе, екінші орынды  2 сынып оқушысы Болат Назерке иеленді. Орта буында "Ана  тілің алпыс тілге татиды"атты шығарма байқауында ең жақсы жазылған шығарма 7сынып оқушысы Шакеева Динара, 5 сынып оқушысы Наушина Асылтас, 7сынып оқушысы Қожғали Мадина, 8 сынып оқушысы Шұғай Ерасыл болды. "Мақал-мәтел сайысы" 5-9 сынып арасында интелектуалды сайыс өткізілді. Сайыс оқушылар үшін тартымды әрі қызықты болды. Барлық сынып оқушылары белсене қатысып ерекше көзге түсіп алғырлық танытқан Шұғай Ерасыл 8 сынып оқушысы, Наушина Асылтас 5 ынып оқушысы, Каримов Алмас 9 сынып оқушысы болды. "Тіл бірлігі - ел бірлігі" атты тақырыбында өлеңдерін тиісті дауыс ырғағына салып нақышына келтіре оқып, әр сынып бойынша мәнерлеп оқыған оқушылар анықталды 8 сынып Шұғай Ерасыл, 5 сынып Наушина Асылтас, 4 сынып Өмірзақ Жібек және Ермекпай Айғаным, 3 сынып Өмірзақ Инабат. Тіл апталығының қортындысы 23-ші қыркүйек күні "Қазақстан - достық мекені" атты шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.


Теги:  өз тілің, ірлік үшін, , өзге тілің тірлік үшін

Комментариев нет
Просмотров: 387
Автор: b1318skobilim
Сайт: www.b1318.sko-bilim.kz
Добавлено: 24.09.2017 в 00:00