«Оқырман ортасы: мүмкіндігі мен келешегі»
Мектебіміздің 10 жылдық мерейтойына «Заманауи білім-кемел келешек» тақырыбында қалалық деңгейде қазіргі заманғы мектептің тұжырымдамалық мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушының жеке тұлғалылығы, шығармашылығы, шығармашылық қызығушылығын оқу үрдісінде ашу мақсатында «Оқырман ортасы: мүмкіндігі мен келешегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қала мектептерінен қазақ, ағылшын, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері, кітапханашылар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Оқырман оқушыдан- оқырман мектепке» жобасының авторы Т.М.Кунекова оқушыларды кітап оқуға қалай ынталандыруға болатындындығы, оны жүзеге асыру жолдары, мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы әңгімеледі. Қатысушы- қала мектептерінің мұғалімдері, ата-аналар қауымы да жақсы жұмыстың жемісін көріп, өздерінің тарапынан оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жасап жатқан жұмыстары жайлы ой бөлісті.
Мәңгілік елдің білімді ұрпағын тәрбиелеу жолында қала мектептері жоба аясында бірлесе жұмыс істеуге ұйғарым жасады.






Комментариев нет
Просмотров: 440