Меню KDT

Алғашқы қонырау


2 қыркүйек күні  қасиетті білім ордасында  бас қосатын  алғашқы   қоңырау салтанатты жиыны және  рухы биік, беделі асқақ, болашағы кемел білім  ұясының 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Нугуманова  құттықтау сөзімен ашты. Жиынға Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі орта білім беру департаментінің басқарма басшысы  Т.Жакенов,  «Нұр Отан»  партиясы Сарыарқа аудандық филиалының есептеу бөлімінің меңгерушісі А.Жарболған,  мектептің алғаш  іргесін қалаған ұлағатты ұстаз   А.Умарова, өрнекті, өнегелі істерімен үлгі болған зейнеткер  ардагер ұстаздар,  мектебімізден түлеп ұшқан мектеп мақтаныштары  «Алтын белгі»   иегерлері  қатысты. 
      Қонақтар   барша қауымды  білім күнімен, мектебіміздің мерейтойымен        
 құттықтап,  жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп, білім көшін бастап келе жатқан біршама  ұлағатты   ұстаздарымызды   Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, Білім басқармасының алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясының мақтау қағаздарымен марапаттады.        «Алғашқы қоңырау!» мерекесі  2017-2018 оқу  жылының    алғашқы  «Мен өз елімнің патриотымын»  атты  білім  сабағымен жалғасын тапты. 

 




 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 417
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.09.2017 в 00:00