№10 мектеп-гимназиясында 2017 жылдың 11 қыркүйегінде Астана қаласы Білім Басқармасының 08.09.2017 ж. № 05-02-02 хаты негізінде «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен мектеп оқушылары арасында Республикалық «Денсаулық фестивалі» акциясы өткізілді.

ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген ҚР Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру шеңберінде оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
«Денсаулық фестивалі» акциясы аясында төмендегідей шаралар өткізілді:
Мектептің орталық стадионында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен мектеп оқушылары арасында Республикалық «Денсаулық фестивалі» акциясының ашылу салтанаты мектеп директоры М.А.Ташенованың құттықтау сөзімен басталды. Мектептің черлидер тобы флешмоб көрсетіп, мектептің әнші қыздары Д.Биржанова, Н.Ілиясова мектептің вокал тобы «Қалай қарайсың» әндерін орындады.
4-сынып оқушылары арасында дене тәрбиесі мұғалімі Д.А.Сандыбаев «Көңілді старт» жарысын өткізді.
5-6-сыныптың оқушылары мен әкелері арасында мектеп стадионында футбол жарысын дене тәрбиесі мұғалімдері Д.М.Сулейменов, Б.Г.Бимаганбетов ұйымдастырды.
5-6-сынып қыздары арасында волейбол жарысын дене тәрбиесі мұғалімдері Қ.Т.Саятуллаев мен Ж.Ахатан өткізді.
Денсулық фестивалі аяқталған соң, марапаттау рәсімі өткізілді.