Меню KDT

Шуақты қыркүйек

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралды.2017-2018 оқу жылы  № 80 мектеп-гимназия   табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар үшін ерекше маңызды болды.


    Өйткені  бірінші сыныпқа барған оқушылармен  бірге сыңғырлаған қоңырау үнін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев тамашалады.  Ерлан Кенжеғалиұлына былтырғы оқу жылында жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алған 2- сынып оқушылары жаратылыстану пәні бойынша зерттханалық жұмыс  жүргізіп , оны нәтижелерін қазақ, орыс , ағылшын тілдерінде  қорытып айтып берді. Мектетеп-гимназия жанынан құрылған «Балалардың дипломатиялық орталығы» жұмысымен танысты. Бұдан кейін Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев робототехника кабинетіне кіріп оқушылармен жасаған роботтары жайында олардың қандай бағдарламалармен қамтамасыз етілгені, жасаған роботтарын келешекте ғылым мен техниканың қай саласында қолдануға болатыны жайында әңгімелесті. Ерлан Кенжеғалиұлы ұстаздармен қазіргі білім саласындағы жаңалықтар , өзгерістер туралы пікірлесті.

 
 

                                                                 

Теги:  Шуақты қыркүйек

Комментариев нет
Просмотров: 531
Автор: 80mektep
Сайт: www.80.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.09.2017 в 00:00