Меню KDT

Біздің мектебімізде №10 мектеп - гимназиясында "Мен өз елімнің патриотымын" атты Алғашқы Қоңырау іс-шарасы болып өткізілді.

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясында 1-сыныптың 187 оқушысына Алғашқы қоңырау алғаш рет соғылды. Қолдарына гүл ұстап, мектептеріне асыққан оқушыларды алтын ұя мектебі мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, есігін айқара ашты. Мектеп-гимназия директоры, Алтынсарин төсбелгісінің иегері  М.А.Ташенова оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздар қауымын оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді атап айтты, оның ішінде ең өзектісі 2, 5 және 7-сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасымен оқытылатынына баса назар аударды. Сонымен қатар мектеп оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтау үшін республикамыздағы алдыңғы қатарлы, іргелі оқу орны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің түркітану кафедрасының профессоры, қоғам қайраткері Абай Қайыржанұлы Қайыржанов және Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Көшкенқызы Амандықова келді. Білім Ордасын алғаш рет аттаған 1-сынып оқушыларына ақ жол тілеп, 11-сынып оқушыларына ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, Қазақтан Республикасына адал қызмет ететін патриоттары болуға шақырды. Мерекелік шара сыныптарда «Мен – өз елімнің патриотымын» алғашқы білім сабағымен жалғасты.

Жаңа оқу жылы жемісті, мерейлі, үстем жыл болсын. Біліммен асып-тасайық, Тілеуін берсін көк көптің.


       


       





Комментариев нет
Просмотров: 425
Автор: 10mektep
Сайт: 10.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.09.2017 в 00:00