Меню KDT

1 қыркүйек

№2  Ленинград орта мектебінде 1-қыркүйек Білім күні «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті.


Салтанатты жиын ашылып , 1-сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алдық. Әнұран орындалды. Жиынымыз Мектеп директоры Ережепова Сайран Кадылканқызының құттықтау сөзінен басталды,  Аудандық маслихат хатшысы Хоршат Айбек жиынымыздың қадірменді қонағы болып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.1-сынып оқушылары тақпақтарын оқыды, 1-сынып оқушылары Өскенбай Қуаныш, Жамбыршин Жарқын, Бақытхан Аяулымның орындауында «Оқуда озат боламын!» әнін шырқады. 11-сынып оқушыларына сөз берілді, тақпақтар оқылып, 11-сынып  оқушылары 1-сынып оқушыларына елбасы Н.Ә.Назарбаевтің 1-сынып оқушыларына сылаған сыйлықты табыс етті. Мектеп оқушылары мен ата-аналарын жаңадан келген жас мамандармен танысытырып, 1-сынып және 11-сынып оқушылары алғашқы қоңырау соқты. Салтанатты жиынымыз аяқталып, 1-11 сынып оқушыларына «Мен-өз елімнің патриотымын» атты тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. 

 

Теги:  № 2 Ленинград орта мекте

Комментариев нет
Просмотров: 876
Автор: b0219skobilim
Сайт: www.b0219.sko-bilim.kz
Добавлено: 04.09.2017 в 00:00