БАР БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ, СҮЙІКТІ МЕНІҢ МЕКТЕБІМ!
Бар білімнің бастауы, сүйікті менің мектебім!
Бүгін 2017 жылдың 2 қыркүйек күні Астана қаласы № 61 орта мектебінде Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Білім ордасы мен ұстаздарын сағынып қалған оқушылар қуанышпен қауышты. мектебіміз жаңа оқу жылында өз бүлдіршіндерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Былтырғы оқу жылы мектебіміз үшін табысқа толы болды. Мектеп директоры Жангазакова Кенжесары Апсейтовна жетістіктерге тоқтала отырып, білім күнімен құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі.

Өзіндік жаңаша көзқарас пен тың жаңалықтарға толы биылғы оқу жылы оқушыларымызды жаңа мазмұнда оқыту бағытын ұстанып отыр. Өз еншісін мектебіміздің құтты табалдырғынан іздеп келіп отырған балдырған бүлдіршіндерімізді қарсы алумен басталған бүгінгі салтанатты жиынымыз өз мәнісін тауып, сағынышқа толы жүректерді әнмен тербеп, құшақтарды гүлге толтырды. Барша білім алушы балғындарға ақ жол тілейміз!