Білім күніне арналған мереке өз мәресіне жетіп, әр сынып «Мен-патриотпын» атты алғашқы сынып сабақтары өтті.
Астана қаласы Дарынды балаларға арналған № 9 Зерде мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған мерекелік жиын өтті.
Астана қаласы Дарынды балаларға арналған № 9 Зерде мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған мерекелік жиын өтті. Мерекеге арнайы Назарбаев зияткерлік мектептері педагогикалық шеберлік орталығынан Т.Нугербаев мектебіміздің 1977-1987 жылғы түлектері Мукашев Қанат, 1980 жылғы түлек Энтин Александр Викторович, сол жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі болған Семенова Зоя Ивановна келді. Салтанатты жиынды мектебіміздің директоры Әлия Жәнібекқызы құттықтау сөзімен ашып, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлназия Сабырқызы мектептің 2017-2018 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен көпшілікті таныстырып өтті.


Бұл салтанатты жиынның бір маңыздылығы, мектебіміздің 1967 жылы оқыған оқушылары «Уақыт капсуласын» жасап, болашақ 2017 жылғы оқушыларға өз жолдауларын қалдырған екен. Тарихи жәдігер 50 жыл құтыда сақталып, өз қалпын жоймай, бүгінгі күнге жетіп отыр. Жолдауды көпшілікке мектебіміздің 11 – сынып оқушысы Сарбақыш Нұрәлі таныстырды. Бұл оқиға дәстүрге айналсын деген ниетпен, Зерде мектебінің 2017 жылғы оқушылары 3 тілде болашақ 2067 жылғы оқушыларға өз жолдауларын қағаз түрімен қатар электронды нұсқа, бейнежазба түрінде даярлап жатыр. 1967-1987 жылдары мектепте қызмет еткен және оқыған азаматтар көпшілік алдына шығып, тәрбиелі мәні естеліктер айтты. Сол жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі болған Семенова Зоя Ивановна мектептің жылдар өтсе де сол қалпында сақталып, бүгінде алдыңғы қатарлы үлгілі мектеп болып отырғанына аса ризашылығын білдірді. Жылдар өтсе де өз Алтын ұяларын ұмытпай келген түлектер ісі бүгінгі күнгі оқушылар өнеге болып отыр.


«Зерде» мектебі жыл сайын Назарбаев Университеті, Мәскеу мемлекеттік университеті, еліміздіңбеделді жоғарғы оқу орындарына дарынды шәкірттер даярлап шығуда. Соңғы үш жыл көлемінде НУ-ға 33 оқушы, ММУ-ға 10 оқушы қабылданған. Осындай түлектердің атынан құттықтау сөз Назарбаев университетінің студенті Абдикаримова Мәншүкке беріліп, 2016-2017 оқу жылында халықаралық, республикалық жарыстардан жүлдемен оралған оқушылардың«Құрмет шеруімен» жалғасты.


Мектебімізге қабылданған 7-сынып оқушылары «Зердені неліктен таңдадым?» - деген сұраққа жауап беріп, Зерденің патриоты болуға Ант берді. 3 тілді еркін меңгерген оқушыларымыз 3 тілде сөз сөйлеп, ант беріп, мектепке ресми түрде қабылданды.
Жөкенова Талшын, Рахимова Наргиза әннен шашу шашса, Айтмұхамедов Ерасыл скрипкамен «Ақ сиса» композициясын көпшілікке ұсынды.
Мектебіміздің 6 Алтын белгіге үміткер оқушылар мен 7- сыныпқа қабылданып жатқан 6 оқушыға «Алғашқы қоңырау» соғу мәртебесі беріліп, Білім күніне арналған мереке өз мәресіне жетіп, әр сынып «Мен-патриотпын» атты алғашқы сынып сабақтарына кірді.
Комментариев нет
Просмотров: 662