Меню KDT

«Сәт-сапар, жас түлек»

«Сәт-сапар, жас түлек»

2017 жылғы 12 маусым күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп түлектері үшін «Сәт-сапар, жас түлек» атты аттестаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті. Айтулы іс-шараға қаламыздың құрметті азаматтары – Астана қаласының маслихат депутаты Аюпов Аман Блялович, онкология орталығының бас дәрігері Төлеутаев Мұхтар Есенжанұлы, Астана қаласы білім басқармасының әдіскері Мендыбаева Айман Таубаевна қатысты.

2016-2017 оқу жылында 4 бірдей сынып алтын ұясынан түлеп ұшса, оның ішінде 4 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 6 оқушы үздік аттестатпен тәмамдады. Мектеп директоры Сегізбай Алмагуль Тлектесқызы   шәкірттерге ақ тілегін арнап,  оқудағы жетістіктері үшін медальмен марапаттау рәсімін бастады. Сонымен қатар мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысып, әрдайым қолдау көрсеткен ата-аналар алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара барысында осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар атынан ән шырқалып, күй тартылды.

Аттаныңдар сапарға

                         Көңілдерде сол арман

                         Аттаныңдар сапарға

          Тосып тұрған жол алдан...деп  түлектерімізге алда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруін тілейміз.

Комментариев нет
Просмотров: 571
Автор: 37mektep
Сайт: www.37.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.06.2017 в 00:00