Мектеп, ұстаз, түлек-2017
Таяуда мектебімізде «Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне орай «Мектеп, ұстаз, түлек-2017» атты кіші футбол мен волейболдан жарыс өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі доп додасына 2012 жылғы түлектерден бастап биылғы түлектерге дейін қатысты. Футбол жарысы бойынша І орынды 2012 жылғы түлектер, ІІ орынды 2017 жылғы түлектер, ал ІІІ орынды 2015 жылғы түлектер иемденді.
Таяуда мектебімізде «Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне орай «Мектеп, ұстаз, түлек-2017» атты кіші футбол мен волейболдан жарыс өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі доп додасына 2012 жылғы түлектерден бастап биылғы түлектерге дейін қатысты. Футбол жарысы бойынша І орынды 2012 жылғы түлектер, ІІ орынды 2017 жылғы түлектер, ал ІІІ орынды 2015 жылғы түлектер иемденді. Волейбол жарысының нәтижесінде мұғалімдерден құралған команда І орынды жеңіп алды. ІІ орын 2012 жылғы түлектерге бұйырса, ІІІ орынға 2015 жылғы түлектер жайғасты.

Дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі: Жарылғасова Ж.Б.
Комментариев нет
Просмотров: 445