«Қоңырау үнімен Мәңгілік елге мәртебелі қадам!»атты соңғы қоңырау мерекесі өтті
2017 жылы 25 мамыр Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Қоңырау үнімен Мәңгілік елге мәртебелі қадам!»атты соңғы қоңырау мерекесі өтті.
2017 жылы 25 мамыр Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Қоңырау үнімен Мәңгілік елге мәртебелі қадам!»атты соңғы қоңырау мерекесі өтті. Мектеп бітіргендеріне 37,51,56 жыл толған түлектер салтанатты жиынға қатысып, мектеп түлектеріне батасын берді.
Мектебімізді осыдан 80 жыл бұрын бітірген түлек Үкіжан Сәдуақасқызы өзі білім алған шаңырақта болып, мектептің 110 жылдық жас түлектерімен кездесті.
Мектеп директоры Б.Сағындыққызы мектепті үздікке аяқтап, қала көлемінде сан түрлі білім, тәлім сайыстырында мектеп мақтанышы атанған түлектерді және білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарды, ата-аналарды құттықтап, марапаттады.
Комментариев нет
Просмотров: 637